Ордабасы ауданы ІІБ полиция табиғатты қорғау полиция тобы Бадам өзенінің бойынан заңсыз балық аулаған браконьерлерді құрықтады. Қылмыс үстінен түскен Ордабасы ауданының тәртіп сақшылары браконьерлерді тінту барысында 26 дана заңсыз ауланған балықты тәркіледі. Оның ішінде 8 данасы «қызыл кітапқа» енген балықтың «усач» түрі. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін заңсыз пайдалану» бабымен, күдікті азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Браконьерлерге 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Жансая ЕЛЕМЕСОВА