Астанада Бүкілқазақстандық жекпе-жек ассоциациясының бастамасы бойынша Қауымдастық президенті етіп Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты сайлады.
Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясының президенті қайта сайланды Астанада Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясының бастамасы бойынша ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Ассоциация президенті болып сайланды. Дауыс беруге қатысушылар Нұрлан Ермекбаевқа бірауыздан өз дауыстарын берді. Жаңа президент өз кезегінде барлық күш-жігерін салып, оған білдірілген сенімді ақтауға тырысатынын айтты. «Ассоциацияның көп жылдық жұмысы болашақ чемпиондарды және қарапайым лайықты спортшыларды жүйелі түрде дайындауға бағытталған. Бәріміз бірге елімізде осы спорт түрін, оның ішінде, армиялық қоян-қолтық ұрысты дәріптеуге, сондай-ақ жалпы балалар-жасөспірімдер спортын дамыту жөніндегі белсенді жұмысты жүргізетінімізге сенімдімін», — деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев. Қорғаныс ведомствосының басшысы 1988 жылы қоян-қолтық ұрыс бойынша спорт шебері кандидатының нормативін орындағанын айта кету қажет.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі