Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Күн тәртібіне негіз болған бірден-бір мәселе — кейбір депутаттардың өздеріңізге белгілі өзгерістерге сәйкес, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату.
Қаралатын мәселеге қатысты облыстық аумақтық сайлау комиссиясының анықтамасы:
«№4 облыстық сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты Білісбеков Жұмағали Дәулетбекұлының, №5 облыстық сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты Молдасейітов Қайрат Құсейінұлының, №6 облыстық сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты Тұрлыбек Қилыбек Арапбайұлының, №7 облыстық сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты Берденов Арман Арысбекұлының, №8 облыстық сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты Абдукаримов Бахарам Сейдраманұлының, №9 облыстық сайлау округінен сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Оспаналиева Рашкүл Жалелқызының жеке өтініштері бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 10 тамыздағы №126 хаттамалық шешімінің негізінде Молдасейітов Қайрат Құсейінұлының, Тұрлыбек Қилыбек Арапбайұлының, Берденов Арман Арысбекұлының, Абдукаримов Бахарам Сейдраманұлының, Оспаналиева Рашкүл Жалелқызының депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәслихат сессиясында қарауды ұсынып отыр».