Бүгін Республикалық Ауған соғысы ардагерлері Одағының Түркістан облыстық ұйымына басшы болып қоғам қайраткері, ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің кавалері Мұхтар Дауылқожаұлы Мұхамбетжан тағайындалды.
Мұхтар Дауылқожаұлы бұл қызметпен қоса республикалық Ауған соғысы ардагерлері Одағы төрағасының Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы бойынша орынбасар-координаторы қызметін қоса атқаратын болды.
Мұхтар Мұхамбетжанның еңбегіне толағай табыстар тілейміз.