Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа бірінші басшысы Тілегенов Әлібек Балықбайұлы қызметтің бюджетке салық түсімдерінің көлемін арттыру және қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстарынан бастады.
Басшы болып келгеніне аз уақыт өтседе Ә.Тілегеновтің ұйымдастырушылық қызметті нәтиже бере бастады. Бұған дәлел 2018 жылдың 1-ші жарты жылдығында атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы өткізілген бринфингтегі айтылған мәліметтер.
Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің тарапынан қосымша резервтер бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 2018 жылдың 1-ші жарты жылдығында бюджетке 4 млрд 596 млн.теңге қосымша кіріс көздері анықталды. Атап айтқанда;
-заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша қайта бағалау есебінен 309 млн.теңге (қонақ үйлер, ірі сауда үйлері, тойханалар);
-жылжымайтын мүліктерге және жер телімдеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу есебінен; 799 млн.теңге
-мүліктік табыс тапқан есептерінен 459,9 млн, теңге;
-басқада бағыттар бойынша 3 млрд. 027 млн. Теңге қосымша кіріс көздері анықталды.
Қосымша кіріс көздерін анықтау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бекітілген іс-шаралар бойынша жұмыстар атқарылуда.
Дайындаған: Айдар Дидар