maks-1

Түркістан облысында өндірістік емес төлемдер 1 млрд 362 млн теңгеге артығымен орындалды

2018-шы жылы 14-ші тамызда 2018-ші жылдың 1-ші жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы облыстық кірістер департаментінің ғимаратында брифинг өтті. Брифингке Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бөлім басшысы Мейрамбек Көкенов, Әл-фараби ауданы бойынша кірістер басқармасы басшысы Қайрат Құдияров және Еңбекші ацуданы кірістер басқармасының басшысы Нұрасыл Төлеев қатысты. Брифинг барысында Мейрамбек Көкенов Түркістан облысы бойынша мәліметпен таныстырды. Атап айтқанда,  Түркістан облысындағы өндірістік емес төлемдер бойынша ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығына 16 млрд. 927 млн. теңге түсіру жоспарланған. Бүгінде межеленген төлем 108%-ға орындалып, 1 млрд. 365 млн. теңге артығымен түсіпті. Бұл көрсеткішті өткен жылдың  1-ші жарты жылдығының қорытындысымен салыстырғанда 2 млрд. 853 млн. теңгеге артқан. Яғни, 2017 жылы 15 млрд. 439 млн. болса, үстіміздегі жылы өндірілген төлем 18 млрд. 292 млн. теңгені құрап отыр. Ал қосымша резервтер бойынша да біршама ауқымды жұмыстар жүргізіліпті. Нәтижесінде  жарты жылдықтың қорытындысы бойынша бюджетке 4 млрд. 596 млн. теңге қосымша кіріс көздері анықталды дейді.Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бөлім басшысы   Мейрамбек Көкенов.

Бұдан соң басқосуда сөз алған Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарма басшысы Нұрасыл Төлеев Еңбекші ауданында да біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатқанын тілге тиек етті.  Мәселен, 2018 жылдың жарты жылдығына  жоспарланған мемлекеттік бюджет 24002,2 млн. теңге болса, бүгінде нақты түсім көлемі 24730,4 млн. теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткішті пайызға шаққанда 103% немесе 728,2 млн. теңге артығымен өндірілген.

Әл-фараби ауданы да 1-ші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мемлекттік бюджетке жоспардан тыс 92,7 млн. теңге артығымен қамтылған. Яғни, жоспарланған қаржы көлемі 23638,6 млн. теңге болса, нақты түсім 23731,4 млн. теңгені құрап отыр. Ал республикалық бюджет бойынша межеленген қаражат 107% -ға орындалыпты.

Сонымен қатар, бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлеріне және мақсатсыз пайдаланылған жерлерге жер салығының мөлшерлемесін 10 есеге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бұл жұмыстар ертерек қолға алынса бюджетке қосымша қаржы түсетін болады.  

Мақсат Тоқсанбай




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!