img-20180815-wa0073

Персоналды кәсіби дамыту саласындағы әлемдік көшбасшы Шымкент қаласының колледждерінде қызмет істемек

Кәсіптік техникалық білім беру және техникалық қадағалау мәселелері Шымкент қаласының әкімдігінде TUV Rheinland Academy & Lifecare өкілдерімен кездесу барысында талқыланды.

img-20180815-wa0072

Кездесуге қатысушылар, яғни, компания өкілдері, мемлекеттік сала қызметкерлері, мұғалімдер мен сарапшылар кәсіптік білім беру саласындағы әріптестікті дамытудың перспективаларын талқылады.

Шымкент қаласының әкімдігіне TUV Rheinland Academy & Lifecare білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда өзара ынтымақтастықтың мүмкіндіктері таныстырылды.

img-20180815-wa0068

Өзара ынтымақтастық кәсіби-техникалық біліммен қатар, техникалық қадағалау саласында да өрбімек.

Кездесу 2012 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылған «Назарбаев-Меркель» бастамасы аясында өтті. Немістің ішкі моделін тәжірибеге енгізу бастамасы елдегі кәсіптік-техникалық білім беру үдерісін жаңғыртуға бағытталған. Мақсат — кәсіби техникалық білім беру жүйесін дамыту үшін Германияның алдыңғы қатарлы тәжірибесін пайдалану.

Анықтама үшін: TUV Rheinland www.tuv.com — техникалық тестілеу, инспекциялау, сертификаттау және біліктілікті арттыру саласындағы жетекші әлемдік көшбасшысы болып табылатын неміс компаниясы. Сапаның, технологияның және қоршаған ортаның өзара байланыс әрекетін зерделеу TUV Rheinland концернінің мақсаты және негізгі идеясы болып табылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!