fvffff

Нәзік жандыларды қолдау жалғасуда

Елбасы шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Іскер әйелдерді қолдау» бағдарламасын ұсынған болатын. Осы орайда Әл-Фараби ауданы әкімдігі  белсенді кәсіпкер әйелдерді жинап, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қолдау білдіруге дайын банк өкілдері де қатысқан жиын барысында кәсіпкер әйелдерге мемлекеттен көрсетілетін көмектер жайы егжей-тегжейлі түсіндірілді.   Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкерліктегі әйелдер үлесі шамамен 50 пайызды құрайды. Жақын уақытта бұл көрсеткіштің артуына Түркістан облысының нәзік жандылары да өз үлестерін қоспақ. Яғни, мемлекет тарапынан кез-келген жанға қай сала болмасын бизнес бастауына қолдау болмақ. Тіпті, алған несие көлеміне берген кепілі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қоры кепіл болады. Бұл бағдарлама ел экономикасының дамуына үлкен үлес қоспақ.

vvvvv

Еліміздің 2-ші дәрежелі бес бірдей банк бұл бағдарламаның жүзеге асуына және еліміздің экономикасының жоғарылауына қолдау танытуда. Атап айтар болсақ, АТФ, Халық, Форте, Альфа және банктері кәсібін дөңгелетемін деген әйедерге аз пайыздық мөлшерлемемен несие мен өз бағдарламаларын да ұсынуда.  Нақтарақ айтсақ, Халық банкі шығын және орта бизнесті бастауға ниет білдірген нәзәк жандылар 6 мен 8 пайызға дейін несие қарастырған. Сондай-ақ «Кәсіпкер әйедерді қолдау» атты жек бағдарламасында дамытуда.

Мұның барлығы Елбасының әлеуметтік-экономикалық салаға , оның ішінде кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударуының арқасы. Қазіргі заман әйелдері үшін үйде отырып, бала қарау, үй шаруасымен ғана айналысу жеткіліксіз. Сол себепті олардың таланттары мен мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасалуы қажет. Осылай деп санайтын кәсіпкерді қолдау ұйымының төрайымы Салтанат Төлегенова барлық әріптестеріне сәттілік тіледі.

Аруна Пернебек




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!