balalar

Диханкөлдің бал татыған қымызы қостанайлықтарды тамсандыруда

Түркістан облысынан Солтүстік өңіріне қоныс аударғандардың тыныс-тіршілігімен танысу үшін кеткен «Айғақ» телеарнасының шығармашылық тобы іс-сапарды Қостанай облысында жалғастырды. Алтын дән өнімімен елге белгі Қостанай облысында да қырық түрлі тағдырлар бар. Мәселен, Түркістан облысының Төлеби ауданы, Ұзынарық ауылынан барған Қансейітовтер отбасы алты бала-шағасымен қоныс аударған. Әулиекөл ауданына қарасты Тимофеев ауылына жайғасқан жанұя ағымдағы жылдың маусым айында көшіп барып, үйлі-жайлы болған. Жылқы ұстап, қымыз өндіріп отыр. Жерлестеріміз елімізге бал татыған дәмімен белгілі болған Диxанкөл қымызын дайындаудың әдіс-тәсілін Қостанайлықтарға танытып жүр.

semyya-uznark

Алмас Қансейітов табиғаты тамсандырған Төлеби ауданында тұрғанда ауру айналшықтап, сырқаты мазалған. Сол себепті ауа-райын ауыстыруды ұйғарыпты. Үш айдан бері жағдайы дұрысталған. Алдағы арманы мал шаруашылығын дамытып, өрісін кеңейту. Жұбайы Күміскүл Қансейітова Әулиекөл ауданындағы ауруxананың біріне жұмысқа тұрып, мейірбике болып жұмыс істеуде. Келгеніне аз уақыт болса да, жұмыспен қамтылып үлгерген. Тіпті ауласына көкөніс егіп, кіші шаруашылықты ширатып отыр. Бұрымды қыздарымен бірге ауладағы бақшаны жайнатып отыр. Міне, осылайша Қостанай облысына жайғасқан жерлестердің xал-жағдайын сұрап, әл-ауқатымен таныс болдық.

ogorod

zhlklar

Алдағы уақытта «Айғақ» телеарнасы дәл осы «Ұлы дала көші» жобасының аясында Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарын да аралап, түрлі тағдырмен қоныс аударғандарды таныстыру жоспарда.

maty

ona

Он күнге таяған сапарда сан түрлі тағдырлардың куәсі болып, туған жер Түркістан облысына бағыт алдық. Соңымызда қол бұлғап жерді жатсынбай қоныс аударған жерлестер қалды. Павлодар-Қостанай-Арқалық-Ұлытау-Жезқазған-Қызылорда-Түркістан-Шымкент бағытымен кері қайттық. Темір тұлпарымыз сырғып келеді. Жол бойы терең тариxты қойнына бүккен ескерткіштер кездесіп, соның біріне аялдадық. Торғай жеріне 2017 жылдың қыркүйек айында Кейкі батырдың басы әкелінген болатын. Ресей елінің Санкт-Петербург қаласынан бір ғасырдан кейін атамекенге жеткізілген мерген батырдың кесенісіне кіріп, құран бағыштадық.

0

01

02

Бес мың шақырым жол жүріп, бір тонна жанар-жағармай жаққан біздер ұзыннан-ұзақ созылған ұлан-ғайыр жолды әрі қарай жалғастырдық. Ай — ортақ, күн — ортақ, жақсы — ортақ. Қазақстан — біздің ортақ үйіміз.

Бағлан Байкөбекқызы.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!