20180815171927_4i7a6510

Қазақ әнінің падишасы Шәмші әндері шарықтайды

«Менің Қазақстаным». Дәл осы тақырыпта Шырайлы Шымшаһарымыздың аспанында бір күн бойы Шәмшінің әндері қалықтады. Шараның шымылдығы Түркістан сарайының орталық концерт залында ән падишасы Шәмшінің әндері әуелеген гала-концертпен жабылды.

20180815181512_4i7a6817

20180815181100_4i7a6785

Шәмші әндері ерекше әуезділігімен, шарықтап шырқалуымен және жаныңды баурайтын лирикалық әуенмен ерекшеленеді. Сазгердің шығармашылық үлесі қазақстандық эстрадалық әндер әуенін ұлттық нақышпен байланыстыра білуінде болып табылады. Дәл осындай өткен мен нақты сұранытар дәстүрдің ғажайып үйлесімділігі оның шығармаларына деген орасан зор танымалдылықты сыйлады. Оның көптеген шәкірттері өздерінің ұлағатты ұстазының дәстүрін күні бүгінге дейін жалғастыруда. Бүгінгі концерт осының дәлелі іспеттес.

20180815172037_4i7a6519

Ұлтымыздың ұлы композиторының өнегелі өмірі мен өнерін ту еткен, ән падишасы – Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне арналған бүл дәстүрлі фестиваль осылайша жыл сайын дәл тамыз айында өз жалғасын табуда.

20180815175229_4i7a6699

Ұлы сазгердің жүрек қылын тербейтін баға жетпес әндерін тыңдауға аға буын өкілдері ғана емес, жастар да көп жиылды.  Барлығы да әсем әннің бесігінде тебеліп, ән ағаның бейнесін көз алдарына елестетті.

20180815171910_4i7a6505

20180815182838_4i7a6928

Ән әлемін Шәмшісіз елестету әсте мүмкін емес. Қазақ музыкасының бойтұмары, Әнұранымыздың авторы, халқымыздың маңдайына біткен жұлдызының есімі артында өнер сүйер халқы тұрғанда ұмытылмақ емес.

Жансая Елемесова

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!