Түркістан облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру қағидасының жобасы қаралып, Қоғамдық кеңесі мүшелерінің тарапынан колдау тапты.
«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру қағидасында көрсетілген талаптарды оқырмандардың назарына ұсынамыз. Атап айтқанда:
1.«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағы не үшін беріледі және не себебтен берілмейді?
«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағы экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға қосқан үлкен үлесі, мемелекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістігі, демократияны, жариялылық пен әлеуметтік прогресті, рухани және интеллектуалд әлеуетті дамытудағы, заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту, облысты мекендейтін халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті жұмысы, өндіріс саласындағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі, қоршаған ортаны қорғаудағы жоғары жетістіктері, қайырымдылық пен мейірбандық қызметтер жасауда облыс алдында айрықша сіңірген еңбегі үшін беріледі.
«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағы азаматтарға көзі тірісіндегі беріледі.
«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағы заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған тұлғаларды қоспағанда соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотты болған тұлғаларға берілмейді.
2.«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беруге ұсыну тәртібі
«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағы жыл сайын жиырма бес адамға дейін берілуі мүмкін. Егер көрсетілген атақ ағымдағы жылы берілмеген жағдайда, онда ол келесі жылға көшірілуі мүмкін.
Сонымен қатар, облыс әкімінің ұсынысымен «Түркістан облысының Құрметті азааты» атағы мерейтой күндері қарсаңында берілуі мүмкін.
«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру еңбек ұжымдарының, қалалық және аудандық мәслихаттардың, қала және аудан әкімдерінің, саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің бастамалары бойынша жүзеге асырылады.
Еңбек ұжымдарының, қалалық және аудандық мәслихаттардың, қала және аудан әкімдерінің, саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қолдаухаттары тиісті қалалық, аудандық мәслихаттарға немесе әкімдіктерге жіберіледі.
Қолдаухатқа тиісті басшының қолы қойылады, онда кандидаттың нақты сіңірген еңбектері көрсетіледі. Қолдаухатқа жиналыс хаттамасының көшірмесі, кандидаттың айрықша сіңірген еңбегін растайтын құжаттарының көшірмелері, өмірбаяндық мәліметтері, соттылық жөніндегі мәліметтер, 2,5х3,5 және 9х12 көлемдегі суреті қоса тігіледі.
Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен қолдаухаттар қарастырымайды.
Сол, бір кандидатқа қолдаухат өкілетті органдардың шақырылымы кезеңінде екі реттен артық енгізілмейді.
Аудандар мен қалалардың әкімдері, мәслихаттары «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі келіп түскен құжаттарды қарап, атақты нақты тұлғаға беру жөніндегі тиісті ұсыныстарды қолдахатпен бірге және оған қоса тіркелетін құжаттарымен облыс әкіміне жолдайды.
«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс облыстық мәслихатқа облыс әкімімен аталған мәселені облыстық мәслихаттың сессиясында қарауға дейін он күннен кешіктірмей енгізіледі.
«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді облыстық мәслихат қабылдайды.
-
Түркістан облысының Құметті азаматы атағынан айыру және қалпына келтіру