Күнделікті дабыл бойынша шығу, өртпен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен күресу өрт сөндіруші және құтқарушылар үшін күнделікті, қалыпты жағдай. Күн-түн демей жоғары әзірлекте тұрып, өртке қарсы қызметтің қызметкерлері өз өмірін қауіпке тігіп, басқа азаматтардың өмірін және мүлкін сақтау үшін өмірлерін қияды. Бақыт Алпысбаев және Жулдызбек Есеналиев секілді батырлар басқаларды құтқару үшін өзінің өмірін құрбан еттті, олар әрдайым жақындарының және жауынгерлік әріптестерінің естерінде мәңгі қалады.
Шымкент қаласында батыр-өрт сөндірушілер Алпысбаев Бахыт Алтынбекұлы мен Есеналиев Жұлдызбек Тұрарұлына естелік мемориалды тақтаны салтанатты ашылуы өтті. Естелік тақтайшаны ашу рәсіміне азаматтық қорғау ардагерлері, батырлардың туыстары, достары және әріптестері қатысты. Мемориалды тақтаны ашу құрметі Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Бекболатұлы Дербисовке және Түркістан облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Сырлыбайұлы Жүнісовке берілді. Қатысушылар батырларды 1 минуттік үнсіздікпен еске алды. Естелік тақтаны салтанатты ашылудан кейін оның етегіне жауынгер достары гул шоқтарын қойды.
1988 жылы 25 ақпанда Шымкент мұнай өңдеу зауытында орын алған өртті сөндіру облыстың өртке қарсы қызметінің жауынгерлік дайындығының беріктігін тексеруде үлкен сынақ болды. Жалынды апатпен күресу кезінде Б. Алпысбаев, Р. Анарбаев, Б. Маханов ауыр дене күйігі жарақатын алды. Бар күшті салғанымен, Бақыт Алпысбаевты ажалдан аман алып қалуға болмады. Ол небәрі 25 жаста еді. Бақыт Алпысбаевты марапаттаған «Қызыл Жұлдыз» ордені оның анасы Тұрар Алпысбаеваға табыс етілді.
Жұлдызбек Тұрарұлы Есеналиев 2014 жылы Шымкент қаласындағы «Planta» ЖШС объектісінде орын алған өртті сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапты. Ол көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін 3-ші дәрежелі «Айбын» орденімен қаза болғаннан кейін марапатталды.
Жақындары мен туыстары басшылыққа, әріптестеріне, ардагерлерге және барлық қатысушыларға батырлардың естелігіне қайырымдылық пен ылтипатына алғыс сөздерін білдірді.
Бақыт Алпысбаев және Жұлдызбек Есеналиев өмірінің соңына дейін қызметтік борышы мен халыққа қызмет етуіне адал болды.