00038-mts-still001

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалар» байқауы өз мәресіне жетті

Еліміздің «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқауы 1-15 шілде аралығында ұйымдастырылған болатын. Байқауға 22 жоба ұсынылып, 19-ы іріктеліп алынған еді. Бүгін сайыстың қортындысы аңықталды. Жеңімпаздар алғыс хаттар мен сыйсяпаттармен марапатталды. Сонымен қатар, 1,2,3, орын иегерлері республикалық байқауға жолдама алды.

Бұл байқау облысымызда бесінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Мұндағы басты мақсат- мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, қарт адамдарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, басқа да халықтың әлеуметтік әлжуаз тобтарына көмек беру.Сонымен қатар, ауыр өмірлік жағдайдағы азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету. Өңірлердің үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша коммисиялар құрылған. Олардың шешімі бойынша  іріктеуден 19 жоба өткен болатын. Бұл жобалардың барлығы дерлік осы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп тұруын жеңілдету мақсатында жасалып отқан жұмыстар. Бірі аудио кітаптар жасап жатса, бірі жүріп тұруы оңай болуы үшін заманауи арбалар түрін ойлап табуда.

«Менің ұсынылған жобам зағип жандарды дыбысты ақпарат-құралдарымен қамтамасыз етіп, олардың шығармашылығын насихаттау және мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтамасыз ету»-деді жоба жеңімпазы Айдана Жораева. Сонымен қатар, бұл жобаны 1 жыл көлемінде дайындағандығын жеткізді.

Әлеуметтік жобаларды іске асырудың арқасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көмек көрсету орталықтары ашылуда. Сонымен қатар оларды жұмыспен қамтып, оқу үшінде аудио кітаптар шығарылуда. Бұдан бөлек психологиялық бейімдеу орталықтары жұмыстарын атқаруда.

Байқау нәтижесі бойынша үшінші орынды «IT-позитивті жасөспірімдердің статусын ашып, жасөспірімдерді әлеуметтік психологиялық бейімдеуге психологиялық дайындау» атты жобамен Жанетта Жазықбаева марапатталды.  Бұл жобаға 500 мың теңгеге сертификат тапсырылды.Ал, екінші орын иегеріне 700 мың теңге «Арманға ұмтыл» жобасының авторы Шалтан Ерікбайға табысталды. Сонымен қатар, Бірінші орынды Айдана Жораеваның «Әлемді сезіну» жобасы иеленді. Және де 1 млн теңгеге сертификат тапсырылды.

Зарина Қалиева




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!