Сайрам-Өгем ұлттық саябағының аумағында Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би шыңдары пайда болмақ | "Айғақ" ақпараттық порталы
sayram-gem

Сайрам-Өгем ұлттық саябағының аумағында Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би шыңдары пайда болмақ

12 тамызда әлем картасынан Сайрам-Өгем ұлттық саябағында орналасқан Рощина, Кеаргелі-Узловая және Студенттер шыңдары жойылады.

«Енді оларға үш бидің аты беріледі: Қазыбек би, Әйтеке би және Төле би. Үш биге арналған «Бұл біздің таулар» облыстық фестивалі аясында шыңдардың атауын өзгерту жоспарлануда», — делінген жұмадағы хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, теңіз деңгейінен 3 мың метрден астам биіктікте маңдайша орналастыру миссиясы Қазақстанның үш өңірінің альпинистеріне сеніп тапсырылған. Атап өтерлігі фестиваль үш санымен өтеді – үш тәулікке созылады, үш шыңға атау беріледі, үш бидің құрметіне, ал ол шыңды 30 альпинист бағындырады.

«Үш биге арналған фестиваль аясында 12 тамызда біз ұлттық ойындар, концерттік бағдарлама және елдімекенге саяхат ұйымдастыра отырып, үлкен мереке өткіземіз. Барлық келем деушілерді 12 тамыз күні Ордабасы алаңында сағат 07.00-де автобус күтіп тұрады», — деп хабардар етті Түркістан облысы туризм басқармасы ішкі байланыстар бөлімінің басшысы Ерлан Қыдыров.

Хабарда атап өтілгендей, қиындығына қарамастан, ономастикалық комиссия бұл шыңдарға үш бидің Қазыбек, Әйтеке және Төле билердің аты берілуін қолдады.

Дереккөз: ҚазТАГ




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!