Облыстың білім басқармасы да Түркістан қаласына барып жайғасты. Орталықтағы гуманитарлы-техникалық колледж ғимаратына орналасқан басқарма республика көлемінде ғылыми-практикалық семинардың ұйымдастырылуына ұйытқы болды. Бұған себеп те жоқ емес, елімізде алғаш болып цифрландыруды қолға алған Түркістан облысының білім басқармасы SitCen жүйесінің жұмыс жасау тәртібімен таныстырды. Ал, Білім және ғылым вице министрі Асхат Аймағанбетов болса, білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың маңыздылығын ерекше атап берді.
Салтанат Тойболова