Бүгін кімдер туылған? | "Айғақ" ақпараттық порталы
_corporate-package_2-avi-still001

Бүгін кімдер туылған?

Бүгін Шымкент  қалалық медициналық  жедел  жәрдем  көрсету  стансасының  бас  дәрігері Құрманбекова Гүлнар Мамытқызы дүниеге келген.

Гүлнар Мамытқызы  2001 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»  медалі, 2002 ж. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі, 2008 жылы «Астананың 10 жылдығы»  медалі,  2009 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы  үздігі» төс белгісі, 2010 жылы «Сауап» медалі, 2010 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, 2014 жылы ОҚО қосқан ерекше еңбегі үшін медалімен, Қазақстан маслихатына  20 жыл медалімен, 2015 жылы «Шымкент қаласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» төс белгісі, «Нұр-Отан» партиясының алғыс хатымен;  Қала әкімінің құрмет грамотасымен наградталған.

2014 жылдан МКҚК Шымкент  қалалық медициналық  жедел  жәрдем  көрсету  стансасында  бас  дәрігері қызметін атқарып келеді. «Қазақстан Республикасы денсаулық сактау ісінің үздігі» атағы және әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастырушы мамандығы бойынша жоғары дәрежелі дәрігер. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің деңгейін көтеру, алдын алу жұмыстарымен әлеуметтік маңызды шараларды атқаруда, қала халқына сапалы қызмет көрсетуге басшы ретінде қол жеткізді. Халық арасында білікті дәрігер, қабілетті ұйымдастырушы, кішіпейіл әйел ретінде аса құрметке және сенімге ие болу арқасында Шымкент қалалық мәслихаттың үшінші, төртінші және бесінші шақырылымының депутаты.

Әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының   төрайымы, қалалық отбасы істері және тендерлік саясат жөніндегі комиссиясының   мүшесі, Шымкент қаласы бойынша халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолданудың іс-шараларды орындау мәселелері жөніндегі комиссиясының дербес құрамының мүшесі. Қалалық бюджет комиссиясының мүшесі. 2010жылдан Халықаралық ғылыми психология академиясының құрметті мүшесі, 2012 жылдан ОҚО бойынша Саясаткер әйелдер Клубының мүшесі (сертификат), 2005 жылдан «Әйел басқарып отырған ең үздік мекеме» конкурсының ҚР Президентінің әйелдермен және отбасы ісі жөнінен ұлттық комиссияның төрйымымен, қоршаған ортаны қорғау министрімен  табыстаған дипломының иегері.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!