Бүгін кімдер туылған? | "Айғақ" ақпараттық порталы
_corporate-package-avi-still001

Бүгін кімдер туылған?

Созақбай Исаұлы Әбдіқұлов 1954 жылы 12 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы, Созақ ауылы дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған.

Шымкент облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының аға агрономы, бөлім бастығы, Созақ аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1986-1997 жылдары — Созақ аудандық ауыл шаруашылығы басқамрасының бас агрономы, бастығы. 1997-2006 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары, әкімі. 2006-2008 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы. 2008-2010 жылдары — Созақ ауданының әкімі. 2010 жылғы қарашадан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!