Қырғызстан мен Өзбекстан шекараны бөлу бойынша келісімге келді | "Айғақ" ақпараттық порталы
kelsm-zbekstan-azastan

Қырғызстан мен Өзбекстан шекараны бөлу бойынша келісімге келді

Ферғана қаласында 1-7 тамыз күндері қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегациялар жұмыс топтарының кездесуі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Кездесуде қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасының жобалық желісі өткен жерлерді сипаттау мәселелері талқыланды. Келіссөздердің нәтижесінде екі мемлекет шекарасының 2 учаскесі келісілді», — дейді Қырғызстан үкіметінің өкілдері. Кездесулердің қорытындылары бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды. Жұмыс топтарының келесі кездесуі 2018 жылғы кездесулер жоспарына сәйкес, Қырғызстан аумағында, үстіміздегі жылдың қыркүйегінде болады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!