Ресейлік ғалымдар өздері оқитын роботтар жасап шығарды | "Айғақ" ақпараттық порталы
robot

Ресейлік ғалымдар өздері оқитын роботтар жасап шығарды

Ресейлік ғалымдар өздері оқитын роботтар жасап шығарды, деп жазады «Известия».

«Қоршаған ортаны тану алгоритмі бар адамға ұқсас робот А.А.Лебедев ат. РҒА нақты механика және есептеуіш техника институтында сынақтан өтті», — деді «Известияға» жаңа алгоритм туралы тұжырымдама авторы – физико-математика ғылымдарының докторы Александр Жданов.

«Биологиялық нейрон және біздің модельде ара қатынас орнататын сигналды анықтауға арналған қажеттің бәрі бар», — деді ол.

Хабарда атап өтілгендей, роботтар образдарды — бір нейрон, бір образ — есте сақтау процесі арқылы оқиды. Бұл ретте оқу процесін жылдамдату үшін образды бейнелеу өте қатты эмоция арқылы білдірілуі де мүмкін – жақсы немесе кері, бағдарламашының орнатуына байланысты.

Дереккөз: ҚазТАГ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!