Прокуратура органдарында жаңа тағайындаулар | "Айғақ" ақпараттық порталы
prokuror

Прокуратура органдарында жаңа тағайындаулар

Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың 2018 жылғы 9 шілдедегі бұйрығымен Бас көлік прокуроры болып М.К. Дүйсенов, Манғыстау облысы прокуроры болып Е.М. Абаев  тағайындалды.

Барлығы Президенттік резервте облыс прокуроры лауазымында тұрған.

 

М.К. Дүйсенов 1973 жылы туған. Тергеу саласында және басшылық лауазымда тәжірибесі мол. Оның ішінде ІІМ, Қаржы полициясы, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде.

2013-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің сектор меңгерушісі лауазымында қызмет етті.

2016-2018 жылдарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары болды.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап Бас әскери прокурордың орынбасары.

«Құрмет» және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталған.

 

Е.М. Абаев 1969 жылы туған. Прокуратура органдарында 1992 жылдан бастап қызмет етеді.

Павлодар облысы прокуратурасында аса маңызды істер бойынша тергеуші, Павлодар облысы Ертіс, Успен аудандарының прокуроры, Астана қаласының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Басқарма бастығы болды.

2016 — 2017 жылдар аралығында Департамент бастығының орынбасары, Бас прокуратураның Департамент бастығы қызметтерін атқарды.

2018 жылдың шілде айынан Маңғыстау облысы прокуроры қызметін уақытша атқарды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!