Душанбеде Қазақстан-тәжік іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті | "Айғақ" ақпараттық порталы
dushanbe

Душанбеде Қазақстан-тәжік іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Душанбеде Қазақстан-тәжік іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы және қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР-ның Тәжікстандағы Елшілігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Елшілігінің жәрдемдесумен «Атамекен» ҰКП Сыртқы сауда палатасы мен Тәжікстан Сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен өткен шараға қазақстандық тараптан автомобиль, құрылыс, медициналық, тағам және басқа да өнімдерді шығаратын 20 отандық өндіруші қатысты. Екіжақты келіссөздерге қазақстандық өнімдерді сатып алуға қызығушылық білдірген 100-ден астам тәжік компаниялары жиналды. Іс-шараға Тәжікстан Республикасының көлік, экономикалық даму және сауда, қаржы, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және жаңа технологиялар, энергетика министрліктерінің өкілдері келді. Душанбеде Қазақстан-тәжік іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өттіСауда миссиясының ашылу салтанатында Қазақстан Елшісі Нұрлан Сейтімов мұндай іс-шаралардың Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзара сауданың өсуіне және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесетінін айрықша атап өтті. Сондай-ақ, Елші екі ел Мемлекет басшыларының сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайтуға және тереңдетуге барынша жағдай жасағанын, екі ел іскер топтарының арасында өзара тиімді әріптестік қарым-қатынастар жасауға берік іргетас қалағанын атап көрсетті. Душанбеде Қазақстан-тәжік іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өттіІскерлік кеңес отырысының аясында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «Азия Групп Тәжікстан Холдингі» ЖАҚ арасында «JAC» маркалы 50 автомобилді жеткізу және «JAC» автомобилдеріне Тәжікстан аумағында диллерлік өкілеттіктер беру туралы екі келісімге қол қойылды. Душанбеде Қазақстан-тәжік іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті Душанбеде Қазақстан-тәжік іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!