Дарынды балалар мектебіне оқушылар іріктеуді өзгерту керек — вице-министр | "Айғақ" ақпараттық порталы
darnd-balalar

Дарынды балалар мектебіне оқушылар іріктеуді өзгерту керек — вице-министр

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов дарынды балаларға арналған мектеп директорлары мен педагогтарымен кездесу барысында дарынды балаларды іріктеу ережесін өзгерту керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен осы мектептерде бала қабылдау ережесін өзгертуді ұсындым. Министр қабыл алды. Біз меритократиялық қағиданы қалыптастыруды ұсынамын. Бұл мектептерге іріктеу тура Назарбаев зияткерлік мектептеріндегідей болуы тиіс. Балаларды іріктеген кезде оған ешкімнің ықпалы болмауы керек. Типтік ережелерге өзгеріс енгізу керек. Жұмыс тобын құрыңыздар, ұсыныс күтеміз», — деді  Асхат Аймағамбетов.

Вице-министр оқушыларға арналған олимпиадалар мен конкурстардың ортақ күнтізбесін жасауды ұсынды.

«Бұл байқаулардың барлығы күнтізбеде тіркелуі тиіс. Ақылы байқаулар туралы ақпарат та ашық болуы керек. Әр ата-ана, әр бала байқау туралы толық ақпаратпен қамтылуы тиіс», — деді ол.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!