Түркістан облысының прокуроры тағайындалды | "Айғақ" ақпараттық порталы
abdirov

Түркістан облысының прокуроры тағайындалды

Мемлекет басшысының келісімінің негізінде Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың ағымдағы жылғы 9 шілдедегі бұйрығымен  Түркістан облысының прокуроры болып бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарған Н.М. Әбдіров  тағайындалды.

Ол Президенттік резервте облыс прокуроры лауазымында тұрған.

Н.М. Әбдіров 1967 жылы туған. Прокуратура органдарында 1991 жылдан бастап еңбек етеді.

Қарағанды облысында аудан прокуроры, Астана мен Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымдарында болды.

2009-2012 жылдары Бас прокуратураның бірқатар Департаменттерін басқарды.

2012-2017 жылдары аралығында Ақтөбе облысының прокуроры болды.

2017 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы, прокурорлық қадағалауды жетілдірудегі қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!