Түркістандықтар көкпаршылар алғаш рет Қазақстан чемпионатында топ жарды | "Айғақ" ақпараттық порталы
img-20180809-wa0004

Түркістандықтар көкпаршылар алғаш рет Қазақстан чемпионатында топ жарды

3 — 10 тамыз аралығында Көкшетауда көкпардан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республиксының VII чемпионаты өтті. 9 команда бақ сынаған доданың ақтық сайысына Түркістан облысының «Құлагер» және Жамбыл облысының «Әулие Ата» көкпар командалары жолдама алған болатын. Финал атына сай тартысты өтіп, онда «Құлагер» командасы 7:4 есебімен жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды. Осылайша, көкпардан Түркістан облысы алғаш рет Қазақстан чемпионатында топ жарды.
Енді спортшыларымыз 20 — 27 тамыз күндері Петропавл қаласында өтетін жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындықтарын пысықтайды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!