«Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының ақтық кезеңіне 21 өнерпаз іріктелді | "Айғақ" ақпараттық порталы
img-20180808-wa0086

«Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының ақтық кезеңіне 21 өнерпаз іріктелді

Шымкентте «Менің Қазақстаным» атты облыстық ән байқауының іріктеу кезеңі басталды. Байқаудың мақсаты — компазитор Шәмші Қалдаяқовтың туған жерге арналған патриоттық әндерін насихаттап, жас талант иелеріне кәсіби бағдар беру. Өнер бәйгесіне 15 пен 29 жас аралығындағы 56 үміткер қатысуда.

img-20180808-wa0027

Сырлы әнімен қазақ халқының бітім-болмысын, шынайы бейнесін сипаттап, ән әлемінде айрықша орын қалдырған ұлы компазитордың атын ұлықтайтын өнер додасына негізі аудан, қалалардан 200-ге жуық үміткер қатысқан. Олардың ішінен бүгінде облыстық байқауға 56-сы іріктеліп жолдама алып отыр.

img-20180808-wa0033

Музыка өнерінде Шәмшінің ерек 300-ден аса әні бар. 1992 жылдан бастау алған ән байқауы биыл 26 рет шымылдығын түрді. Өнер додасының  бірінші кезеңінде қатысушылар көрнекті сазгер, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайреткер Шәмші Қалдаяқовтың  бір әнін шырқаса , екінші кезеңде Түркістан облысы компазиторларының бір шығармашылығын орындайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша  биылғы байқаудың өзіндік ерекшелігі де бар.

img-20180808-wa0085

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру байқаудың негізгі бағыты. Елге, жерге, Отан мен ата-анаға деген сүйіспеншілік компазитор шығармаларының басты тақырыбы болса, соның ішінде «Менің елім», «Ана туралы жыр», «Теріскей», «Арыс жағасында», «Отырардағы той» сынды көптеген әндері халықтың жаттанды өмір жырына айналған. Байқауда 56- үміткердің ішінен сазгердің керемет әндерін нақышына келтіріп орындаған 21-ге тарта өнерпаз әділ қазылардың шешімімен  келесі кезеңге жолдама алды.

img-20180808-wa0087

Ал кезекті гала-концерт пен жеңімпаздарды марапаттау 15-тамыз күні «Түркістан» сарайында өтетін болады.

Жомарт БЕГІМБЕТ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!