«Айғақ»: Түркістан облысында коммуналдық мүліктер тиімді пайдалануда | "Айғақ" ақпараттық порталы
070

«Айғақ»: Түркістан облысында коммуналдық мүліктер тиімді пайдалануда

Облыс бойынша 2018 жылдың жартыжылдығының қорытындысымен облыстық коммуналдық меншіктегі жалпы алаңы 13 167,66 шаршы метр тұрғын емес жайы жалға беріліп, жоспар – 24 млн. теңгені құраса, нақты бюджетке 37,1 млн. теңге түсім түсті, яғни жоспар 154,7 пайызға орындалды.

Аукцион сауда-саттықтың екі әдісімен өткізіледі: бағаны көтеру және бағаны төмендету арқылы. Жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы жеңімпаз болып анықталады.

Осы тәртіппен жүргізілген электрондық сауда-саттықтар арқылы ағымдағы жылдың басынан бастап облыстық коммуналдық меншіктегі тозығы жеткен 19 автокөлік құралын сатудан  жергілікті бюджетке 2556,17 мың теңге түскен.

Елімізде «екінші толқыны шеңберінде» жүргізіліп жатқан жекешелендірудің Кешенді жоспарына сәйкес 2018 жылы коммуналдық меншіктегі 2 заңды тұлғаны («Сарыағаш» емдеу-сауықтыру» ЖШС, «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС) бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр.

Оның ішінде, «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешені» ЖШС-і сауда-саттыққа ағымдағы жылдың 4 желтоқсанына қойылса,  «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС-гі бойынша сауда-саттыққа қоюдың алдыңғы рәсімдері жүргізілуде.

Жалпы облысымызда 2 421 мемлекеттік заңды тұлға қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде мемлекеттік мекемелер 1 755 болса, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар – 533, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар – 86, мемлекеттік үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – 44 және  3-акционерлік қоғамдар.

Осы мемлекеттік ұйымдардың ішінен шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындардың және мемлекеттік үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың қаржы шаруашылық қызметіне назар аударатын болсақ, көрсеткіш төмендегідей болып отыр.

2017 жылдың қорытындысымен кәсіпорындардың жалпы табысы 1246,3 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда кәсіпорындардың пайдасы 1,7 есеге артып отыр.

ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы Мемлекеттік мүлік реестрінің ұстаушысы болып табылады. Осы Заңның 200 бабына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар теңгерімдеріндегі мүліктерді түгендеу бойынша есептерді мемлекеттік мүлік реестріне жыл сайын жайғастырулары қажет. Бүгінгі күні, Мемлекеттік активтердің жалпы құны 844 млрд. теңгені құрайды. Соның ішінде жылжымайтын мүліктер құны 609 млрд. теңге, жылжымалы мүліктер құны 21 млрд. теңге, басқа да мүліктер құны 214 млрд. теңгені құрайды.

Осы мүліктердің барлығы өзінің теңгерім ұстаушылары бар. Заңға сәйкес мүліктің сақталуына әр мекеменің басшысы дербес жауапкершілікте болады.

Түпкілікті тиімді басқаруға бағалауды ҚР Ұлттық экономика министрлігі береді.

2017 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі ОҚО әкімдігіне мемлекеттік мекемелерді басқаруға жоғары тиімділік – 10 балл (жоғарғы балл – 10), мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруға жоғары тиімділік – 16 балл (жоғарғы балл – 18), акционерлік қоғамдарды басқаруға жоғарғы тиімділік – 12 балл (жоғарғы балл – 14), жауапкершілігі шектеулі серікестіктерді басқаруға жоғарғы тиімділік – 12 балл (жоғарғы балл – 14) берілген.

 

Дайындаған:Айдар Дидар

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!