Моңғолияда «Алтай халықтары» симпозиумы өтіп жатыр | "Айғақ" ақпараттық порталы
103

Моңғолияда «Алтай халықтары» симпозиумы өтіп жатыр

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында VII халықаралық «Алтай халықтары» симпозуимы жұмысын бастады. 10 тамызға дейін жалғасатын жиын Алтайдан тараған халықтардың тарихы мен мәдениеті, тілі мен салт-санасына қатысты мәселелерді ғылыми тұрғыда талқылауды көздейді, деп хабарлайды Түркі Академиясының баспасөз қызметі.

«Алтай халықтары» симпозиумы алтаистика саласының даму бағыттарын пысықтауға, ғылымның осынау саласын зерттеумен айналысып жүрген түрлі құрылымдар мен ғалымдардың басын қосуды да көздейді. Сонымен бірге, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарды пысықтау мақсатын да қойыпты. Жиынның ашылу салтанатында сөз алған Моңғолия ұлттық ғылым академиясының президенті Дүгэрийн Рэгдэл мырза алтаистика бағытында Қазақстанның атқарып жатқан жұмыстарына жоғары баға берді. Соның ішінде, Астанада орналасқан Халықаралық Түркі академиясының бұл бағыттағы қызметін айырықша атап өтті.

Ал, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі симпозиум барысында Академияның алтаистика және моңғолистика бағыттарында атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Халықаралық ұйым Моңғолия ғалымдарымен бірлесе зерттеу жүргізуді төрт жыл бұрын бастаған. Олардың алғашқылары аяқталып та келеді. Қазіргі таңда ТWESCO мен Моңғолияның ұлттық ғылым академиясы бірлесе жүргізіп жатқан бірнеше археологиялық қазба жұмыстары бар. Атап айтқанда, биыл Моңғолиядағы Шивэт улаан кешеніндегі қазба жұмыстары аяқталады. Сипозиум барысында академия басшысы қазба жұмыстарының барысы туралы айтып, қол жеткен нәтижелер жайлы баяндады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!