Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәкен Әділханұлы Жасұзақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі қызметінен босатылды», — делінген сейсенбіде Ақорда сайтында жарияланған хабарда.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды», — делінген басқа құжат мәтінінде.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР қорғаныс министрі болып Нұрлан Ермекбаев тағайындалды, ол бұған дейін президент көмекшісі – ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған еді.
Бұған дейін ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметін Асхат Рыспаев атқарған еді.