Павлодарда ұлттық ат спорты түрлерінен өтетін жарыс жеңімпаздарын қомақты жүлде күтуде | "Айғақ" ақпараттық порталы
071

Павлодарда ұлттық ат спорты түрлерінен өтетін жарыс жеңімпаздарын қомақты жүлде күтуде

Павлодарда 2018 жылы 11 тамызда «Құлагер» ипподромында сағат 11.00-де Құрылысшылар күніне арналған ұлттық ат спорты түрлерінен бес қашықтық бойынша жарыстар өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Жарыс түрлері: аламан бәйге, тоқ бәйге, құнан бәйге, жорға жарысы және көкпар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілердің қолдауы арқылы автокөліктер және қаржылай сыйлықтар табыс ету қарастырылған. Бұл күні жергілікті бишілер мен музыкалық ұжымдар өнер көрсетеді. Жаппай көкпар түрі бойынша жарыста 50-ден астам спортшы қатысады. Жалпы ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға қомақты жүлде тігіліп отыр. Ұйымдастырушы — облыстық ұлттық ат түрлері бойынша спорт федерациясы.

Дереккөз: ҚазТАГ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!