Бүгін кімдер туылған? | "Айғақ" ақпараттық порталы
baktbek-avi-still001

Бүгін кімдер туылған?

Бүгін профессор, КСРО және Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, халықаралық марапаттардың иегері Бақытбек Талқанбаев дүниеге келген.

Талқанбаев Бақытбек Аңсапбергенұлы халқымыздың бейнелеу өнеріне өзіне тән азаматтық үнімен, айшықты қолтаңбасымен, перзенттік үлесін қосып келе жатқан суретші-дизайнер. Оның суретті бейнелеу әдісі «Шимай» деп аталады. Нүкте, сызықтар, шимай, түрлі иірімдер мен өрнектер суретшінің Экологиялық дизайн «Дауа» студиясында «сырлы мазмұндағы» бейнелерге айналады. Суретте әр адамның өзіне тән қолтаңбасы мен шығармашылығы бейнеленеді. Ондағы бейнелер адам жанының түрлі қырларынан сыр шертіп, ішкі жан сарайындағы тебіреністері абстрактылы суреттерге айналады.

Бақытбек Аңсапбергенұлының туындыларында үлкен қуат күші бар. Оның студиясына келіп сурет салған адамдар осы қуатты сезінеді. «Шимай» әдісін меңгеру арқылы адамдар өз бойларында тұйықталып қалған қуат көздері мен арналарын тазартып жеңілденеді. Түрлі-түсті бояулармен реңделген абстрактылы өрнектерінің құпия астарларынан адамның жан дүниесінің даму деңгейін байқауға болады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!