Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Сәкен Сейфуллиннің туған жері. Жалынды жазушы, атақты ақын, дарынды драматург шыққан өлке тариxи тұлғасымен мақтанады. Түркістан өңірінен «Ұлы бабалар ізімен…» жобасының аясында түсірілім жасауды мақсат тұтқан «Айғак» телеарнасының журналистері Жаңаарқа ауданында болып, туған ауылының тарихымен танысты. Сондай-ақ, С.Сейфуллин атындағы музейде жазушының өміржолынан сыр шертетін өмірдеректерін алдағы уақытта облыс жұртшылығына таныстырмақ.
С. Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейі 1984 жылы ашылған болатын. Тариxи музейде С. Сейфуллиннің жеке заттары, әдебиет шығармашылықтары, ұлттық қолданбалы өнер бұйымдары, зергерлік бұйымдар, өлке тарихының байланысты алғашқы темір жол құралдары бар. Сондай-ақ аудан тарихының материалдары, белгілі ғалымдар, ақындар туралы мәліметтер бар.
Бір азғана жыл өтті
Мен қалада жүргелі.
Елді көріп кетемін
Екі жылда бір келіп.
Ауыл байғұс мінекей,
Бала жастан көз көрген!
Азғана жыл ішінде
Едәуір-ақ өзгерген, деп жырлаған Сәкен Сейфуллин шығармаларында туған жерге жанашырлық танытып, ауылға бүйрегі бұрып тұрған.
Айта кетейік, «Айғақ» телеарнасының «Ұлы бабалар ізімен…» тележобасы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген басым бағыттарды бағдарлама барысында қамтиды.