Қазақстанда 2018 жылдың сәуір-маусымында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 162 751 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Бір айлық орташа жалақы көлемі өткен жылғы екінші тоқсанмен салыстырмалы түрде 8,5% өсті, ал нақты түрде 2,2% артық болды.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде -335,3 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте — 273,2 мың теңге (1,7 есеге асты), өнеркәсіп саласында — 224,7 мың теңге (1,4 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында — 238,4 мың теңге (1,5 есеге асты), құрылыс саласында — 212,8 мың теңге (1,3 есеге асты) болып белгіленді.
Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді — 93,7 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 42,4%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді — 291,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 111,2 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,7%-ға төмен.