Тараз қаласында елорданың мәдени күндері өтіп жатыр. Бұл жоба Астананың 20 жылдығына орайластырылған. Екі күн ішінде қала тұрғындары мен қонақтары «Ақ тілекпен, Астана» атты көрмені, гала концерт пен театр өнерпаздарының қойылымдарын тамашалай алады. Көрмеде Тәуелсіздік сарайы қорынан қазақстандық 50 суретшінің 100 үздік туындысы қойылған. Қылқалам шеберлері, қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен мәдениетін шебер бейнелесе, тағы бір бөлігі абстракция және модерн тұрғысынан өз ойларын жеткізе білген.
Айнұр Абылхайырова, Тәуелсіздік сарайы көрме ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі:
– Қазақстандық суретшілердің қазіргі заманауи өнерге деген құлшынысын көрсеткіміз келді. Тек қана академиялық көркем өнерді ғана емес, сонымен қатар дендро, арт, абстракция стильдеріндегі жұмыстарды халыққа көрсетіп жатырмыз.
Дереккөз: 24.kz