Жансейіт Түймебаев — «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды | "Айғақ" ақпараттық порталы
2f12a259-e92e-4854-ab44-409bb8d625c1

Жансейіт Түймебаев — «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

794edf40-2903-47f6-adf1-f685ff069da8

Бүгін Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және делегаттар қатысып, конференцияны Олимпиада жүлдегері Денис Тенді бір минут үнсіздікпен еске алумен бастады.

c0e4b962-dc59-4a95-a997-6910d9200ccf

fc2b60f6-c70b-4f8e-bc27-2acc4c6bb3f1

Конференцияда партия жұмысын жаңғырту, қоғаммен байланысты күшейту, ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жұмыстарына қоғамдық бақылауды күшейту жолдары талқыланды.  Жиында Мәулен Әшімбаев жаңадан құрылған Түркістан облысының болашағы жарқын болатынына сенім білдірді. Түркістанның қазақ тарихындағы маңызына тоқталды. Партия филиалы осы шаһарды дамытып, ірі орталыққа айналдыруға күш салу керектігін жеткізді.

4349bf35-2710-458f-8776-67f8c93a7f27be2b9294-f962-4031-a126-5214897fe827

– Түркістан Елбасы саясатының арқасында дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Бұл тарихи шешім ата-бабаларымыз бастап кеткен іргелі істің лайықты жалғасы және қаланың өсіп-өркендеуіне оң әсерін тигізетін маңызды қадам екені сөзсіз. Түркістан болашақта барша түркі әлемінің орталығына айналып, бұрынғы атақ-даңқын қайта иемденеді деп сенеміз. Қаланың осындай әлеуетін ескере отырып, біз Түркістанда мәдени туризмнің дамуына да аса мән беруіміз керек. Елбасының Түркістан облысын құрып, оның орталығы етіп Түркістан қаласын белгілеуі тарихымызда алтын әріптермен жазылатын оқиға. Бұл шешім Түркістанның қайта түлеп, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын орталыққа   айналуына жол ашып отыр. Президент жаңа облысты дамыту жұмысын білімді де білікті басшы Жансейіт Түймебаевқа сеніп тапсырып отыр. Ол бұған дейін де көптеген қызметтерді абыроймен атқарды. Оңтүстік Қазақстан облысын дамыту жолында нәтижелі жұмыстар істеді. Шебер ұйымдастырушы ғана емес, белгілі түркітанушы ғалым. Түркияда елші болып қызмет атқарған, Түркі әлемінің ерекшеліктерін, қыр-сырын жақсы біледі. Сондықтан бұл азаматтың ер түріктің бесігі болған Түркістанды  гүлдендіріп, бұрынғы даңқын қайта шығаратынына сенеміз және жүктелген міндеттерді тыңғылықты атқаратынына ешқандай күмәніміз жоқ. Осыған орай, Жансейіт Түймебаевты облыстық филиалдың төрағалығына ұсынамыз, – деді партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

bcc7808c-0b5a-4efe-8a0d-a7614c426acf

Конференция делегаттарының бірауыздан қолдауымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Мәулен Әшімбаев облыс әкімінің бұл қызметті де абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, төрағалық куәлігін салтанатты түрде тапсырды.

Өзіне артылған сенімді ақтауға уәде берген Жансейіт Түймебаев өңірді дамыту бағытында бар күш-жігері мен тәжірибесін жұмсайтынын айтты.

e5613b44-6f99-4077-a58e-283369780aa4

— Елбасымыз қазақтың ғана емес, күллі түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанды облыс орталығы етіп белгілеп берді. Облыс Түркістан деп аталатын болды. Бұл елдің де тілегімен астасқан шешім болды. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлына түркістандықтардың ыстық ықыласы мен ризашылығын жеткізуіңізді сұранамын. Сондай-ақ жаңа аудандарға бөлінген Сарыағаш пен Мақтааралдың тұрғындары да алғыс айтып жатыр. Ал бүгін партия филиалының алдына жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Облыс халқы мен осындағы партия мүшелері Елбасы Жолдауындағы тапсырмалар мен міндеттерді, игі бастамаларды жұмыла орындайтынына уәде беремін. Қазір Түркістан қаласының Бас жоспары жасалып жатыр. Өңірдегі 24 басқарма мен 30 департамент осында көшіп келеді. Ауқымды жұмыстарды бірлікпен атқарамыз деген сенімдемін, — деді ол.

b16f6b19-a6da-42e5-a041-4c3e915e9386

Конференцияда партия Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысы да ұйымдастырылып, онда Елбасы айқындап берген жаңа міндеттерді орындау жолдары талқыланды. Партиялық жаңа жобаларды Түркістан облысында тиімді жүзеге мәселелері сөз болып, Мәулен Әшімбаев партияның облыстық филиалына  тапсырмалар берді.

Осы жиында «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесінің, тексеру-бақылау комиссиясының және Саяси кеңес бюросының құрамы да бекітілді. М. Әшімбаев конференцияда бекітілген партияның жаңа құрамына Елбасының бағдарламаларынан туындайтын тапсырмалар мен міндеттерді сапалы түрде жүзеге асыруды жүктеді.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!