«Нұр Отан» партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев үшінші мегаполисте | "Айғақ" ақпараттық порталы
dsc_0049

«Нұр Отан» партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев үшінші мегаполисте

Бүгін үшінші мегаполиске «Нұр Отан» партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев арнайы келді. Еске сала кетейік, «Нұр Отан» партиясының жаңа жобалары аясында Шымкент қаласындағы әмбебап кітапхана заманауи коворкинг-орталыққа айналған болатын. Осыған орай, сапар барысында Мәулен Әшімбаев шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге «Отырар» өңірлік әмбебап ғылыми кітапханасында ашылған орталықтың жұмысымен танысты. Аталған орталық жаңа технологиямен және жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталған. Мұнда келушілер арнайы конференц-залда түрлі тақырыптарда семинарлар, дәрістер және тренингтер өткізе алады. Одан бөлек, жаңа орталықта демалыс аймағы, кино залы, кофехана, кітап дүкені және еркін пікірталас аймағы бар. Осылайша дәстүрлі кітапханадан жаңа заман талаптарына сай нағыз білім орталығы ретінде қайта жаңғырған нысан қазірдің өзінде жергілікті жастардың жиі бас қосатын жеріне айналып үлгерді.

 

dsc_0118

Сонымен қатар, таяуда ғана республикалық маңызы бар қалалардың қатарына қосылған шаһарда партияның бұдан да басқа тың бастамалары сәтті жүзеге асырылуда.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Әйгерім» балабақшасына барды. Мекеме ұжымымен және ата-аналармен кездесуінде Мәулен Әшімбаев партияның бұл саланы үнемі басты назарда ұстайтынына және қамкөңіл жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының жұмысына тоқталып өтті.

dsc_0002

Сондай-ақ, партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының конференциясына қатысты. Мұнда партия қызметін жаңғырту, Елбасы айқындап берген басым бағыттарды жүзеге асыру және Президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуына қоғамдық бақылау жүргізу жұмыстары жан-жақты талқыланды. Одан бөлек, конференцияда партия қалалық филиалының төрағасы сайланды.

Жомарт БЕГІМБЕТ.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!