Теңіз кемелерінің құрамына жаңа талаптар 20 шілдеде күшіне енеді, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Хабарда айтылғандай, Қазақстанда теңіз кемелері экипажының минималды құрамына қойылатын жаңа талаптар 2018 жылдың 20 шілдеде күшіне енеді. Экипаж мүшелерінің саны мен біліктілігі туралы норма басты өзгерту болып табылады.
Егер бұдан бұрын экипажды қалыптастыруда кеменің өлшемі ғана ескерілсе, енді қозғалтқыштың қуаты да ескерілетін болады. Нәтижесінде экипаж мүшелерінің саны 1-2 адамға өзгереді.
Сонымен бірге экипаждың минималды құрамының мүшесі объективті себептермен рейсті жасай алмаған жағдайда кеме иесі мен Порттың теңіз әкімшілігі арасындағы өзара әрекеттесуінің тәртібі белгіленген.
Одан басқа жаңа ережелерде экипаж тарапынан жасалған бұзушылықтар тізімі және соған қолданылатын санкциялар белгіленген.
Өзгертулер теңіз көлігі саласында ҚР құқықтық базасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталғанын атап айтқан жөн.