Құрметті оқырман бүгін «Айғақ» республикалық газетінің жаңа саны жарық көрді.
«Түркістандықтардың Астанаға тартуы» Түркістандықтардың Астанаға жасаған ерекше сыйы, велосипедшілер жолы расымен де көптің қуанышына айналды. Мұнан бөлек, «Өңірлердің Елордаға тартуы» жобасы аясында пайдалануға берілген нысандардың сәулеті мен сәні келіскен.
Түркістан облысының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдерінің, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесі мен облыстық мәслихат депутаттарының, облыстағы түрлі ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа Үндеу арнады.
Шымкент қаласы әкімдігінің алғашқы бес басқармасы құрылды. Қай басқармаға кімдер тағайындалғаны жөнінде газеттің екінші бетінен оқи аласыздар.
«Жезкиік» халықаралық музыка фестивалі мәресіне жетті.
Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан Бекназаров: Шымқаланың мәртебесін шыңға көтерген.
Тұрғын үйлер өзін-өзі қалай басқаратын болды? Басылымның 4-ші бетінде.
Отырарда үш әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.
Аптаның алты ауызы… Осы аптада жауапты мемлекеттік лауазымды тұлғалар қандай пікір айтты? 6-шы бетте.
Әлем чемпионатын Нұрсұлтан Назарбаев қалай тамашалады?
Әміре Қашаубаевқа қатысты тың деректер табылды.
Қазақстандық жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтарына бос орындардың бар болуы туралы қандай есептер беруі тиіс?
Аймақ тынысы айдарында: Ақтау — «Ақылды үйге» қосылуды бастаған алғашқы қала. Кереку жерінде С.Торайғыровтың мерейтойы аталып өтті.. Сарайшық — туристік орталыққа айналады. Қарағандыда көмір сату бөлімдері бар интерактивті карта құрылды.
«Құлагер ақынның құлыны Алаш ардақтысы Илияс Жансүгіров туралы бір үзік сыр.
Улы жәндіктердің уынан абай болайық!
Денсаулығыңызға қажетті кеңестер газеттің 12-ші бетінде.