Елордада Астананың 20 жылдығына арналған «Президент Кубогы — 2018» халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент Кубогы 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді және аталған спорттық шара кәсіби теннисшілердің арасында өткізілетін Қазақстандағы беделді турнирлердің бірі.
Президенті Кубогы турнирінің аясында 12 жасқа дейінгі балалар мен әуесқой тенннисшілер арасында «President`s Cup» турнирі өтеді.