Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өкімімен Исамидин Мұхитдинұлы Қаратау ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.
Исамидин Мұхитдинұлы 1984 жылы туылған. Білімі — жоғары, заңгер, экономист. Қызмет жолын 2005 жылы ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Өндірістік және жедел кәсіпорын» ЖШС-де экономист болып бастаған.
2008-2009 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің «Ақпарат және тестілеу» ММ-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша е-кадр жөніндегі оператор, 2009 жылдың сәуірінен «Персоналды басқару бойынша ұлттық орталығы» АҚ Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің аумақ бойынша бағалау және мониторинг басқармасының сарапшысы, 2013-2015 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық бақылау жұмысы бөлімінің референті болған.
2016 жылдың сәуірінен бүгінгі күнге таңға дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.