48

Жаңа автобустар әлеуметтік бағыттарда қатынай бастады

Шымкентке жуырда ғана жеткізілген жаңа автобустар қоғамдық көлік бағыттарына бөлініп, қатынай бастады, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүйірлеріне қаланың символы — қызыл қызғалдақ салынған аппақ автобустар әзірге үш әлеуметтік бағытта жүр. «T-bus» компаниясы жыл соңына дейін тағы 70 жаңа автобус жеткізуді жоспарлап отыр.

– Қаламызға жеткізілген 30 жаңа автобус әлеуметтік бағыттарға қатынайды, — дейді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жетекшісінің орынбасары Жарқын Байдуллаев. – Яғни, бұл қоғамдық көліктер қала орталығынан шалғайда орналасқан тұрғын алабтардың жолаушыларын тасымалдауда. Олар — Ынтымақ, Жаңаталап, Шапырашты, Өтеміс, Абдулабад, Ақжар, Ақтас, Мирас, Бадам-2, Текесу, Айнатас және басқа да елдімекендер.

Айта кетейік, «Ютонг» маркалы бұл автобустардың сыйымдылығы жоғары, заманауи және қолайлы. Бұл компанияның автобустары бұған дейін де қала көшелерінде қатынап жүр. Осылайша «T-bus» компаниясының өкілдері қаладағы жолаушы тасымалдау қызметінің сапасын жақсартуға үлес қосамыз деп отыр.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!