shekara

Жаңадан құрылған Түркістан облысы аудандарының шекаралары белгіленді

Бүгінгі болып өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясының шешімімен жаңадан құрылған Түркістан облысы аудандарының шекараларын белгілеу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда:

Сарыағаш ауданы

Қайта құрылған Сарыағаш ауданының аумағы 417 074 га-ды құрайды және шекаралары мынадай болып белгіенген:

Солтүстігіндегі шекара Арыс қаласы мен Қазығұрт ауданы әкімшілік бағынысындағы қолданыстағы аумақтардың шекаралар бойымен өтеді;

шығысындағы шекара Қазығұрт ауданының қолданыстағы шекарасымен және ҚР-ның мемлекеттік шекарасымен Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Қыбрай ауданымен шектесетін Зах каналы арнасы бойымен өтеді;

оңтүстігіндегі шекара ҚР-ның мемлекеттік шекарасының жанындағы Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Қыбрай, Ташкент, Занги ата аудандарымен шектесетін Келес өзені арнасының бойымен және әрі қарай Түркістан облысы құрамында құрылған Келес ауданы аумағындағы Біртілек, Ошақты, Бірлік, Жамбыл, Бозай ауылдық округтерінің қолданыстағы шекараларымен өтеді;

батысындағы шекара Шардара ауданымен шектесетін Сырдария өзені арнасы бойымен өтеді;

Келес ауданы

Келес ауданының аумағы  345 129  гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:

солтүстігіндегі шекара Түркістан облысында қайта құрылатын Сарыағаш ауданы аумағындағы Әлімтау, Дарбаза, Тегісшіл, Құркелес ауылдық округтері мен Көктерек кентінің қолданыстағы шекараларының бойымен өтеді;

шығысындағы шекара Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен шектесетін Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Занги ата мен Янгиюль аудандары шекараларының бойымен өтеді;

оңтүстігіндегі шекара Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен шектесетін Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Чиназ ауданының шекарасымен, әрі қарай Түркістан облысы Шардара ауданымен шектесетін Сырдария өзені арнасы бойымен өтеді;

батысындағы шекара Шардара ауданының шекарасымен шектесетін Сырдария өзені арнасы бойымен өтеді.

Жетісай ауданы

Жетісай ауданының аумағы 104 634,19 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:

солтүстікегі шекара, Түркістан облысы Шардара ауданының қолданыстағы шекараларының бойымен өтеді;

шығысындағы шекара, Түркістан облысының жаңадан құрылатын Мақтаарал ауданының шекарасымен өтеді;

оңтүстігінде шекара, Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы Ақалтын ауданының шекарасы бойымен өтеді;

батысында шекара, Өзбекстан Республикасы Жызақ облысы Мырзашөл, Фариш  аудандарының шекараларымен өтеді.

Мақтаарал ауданы

Мақтаарал ауданының аумағы 80 763,81 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:

солтүстігінде шекара, Түркістан облысы Шардара ауданының Шардара су қоймасымен шектеседі;

шығысында шекара Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының Сырдария ауданының шекарасымен өтеді;

оңтүстігінде шекара, Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының Мырзаабад, Ақалтын аудандарының шекарасымен өтеді;

батысында шекара, жаңадан құрылатын Жетісай ауданының  шекарасымен  өтеді.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!