30

Қазақстандық БАҚ әрдайым дамып отыру үрдісінен артта қалмауы керек – Абаев

Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағы бірлесіп қолға алған «Азия медиа диалогы» жобасының басталғалы тұрғанын хабарлады.

Қазақстаннның Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзі басқарып отырған министрлік пен Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағы бірлесіп қолға алған «Азия медиа диалогы» жобасының басталғалы тұрғанын хабарлады. Сондай-ақ, ол қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары әрдайым дамып отыру үрдісінен артта қалмауы керектігін атап өтті, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

«Біздің министрлік пен Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағы (ABU) бірлесіп қолға алған «Азия медиа диалогы» жобасының басталғалы тұрғанын хабарлаймыз. Бұл іс-шарада бірнеше семинар мен конференция өтеді. Талқыланатын басты тақырыптың бірі – телерадиохабар тарату саласын заманға лайық дамыту болмақ. Форумға Азия-Тынық мұхиты елдерінің ұлттық және аймақтық хабар тарату бірлестіктерінің 100 аса өкілі қатысады. Қазақстандық медиа менеджерлер мен журналистер аталған шараны таратуға атсалысады деген сенімдемін», — деді министр.

Дәурен Абаевтың сөзінше, телевизия мен радио жоғары технология бойынша әрдайым дамып отыруы қажет және қазақстандық БАҚ бұл үрдістен артта қалмауы керек. Сондай-ақ, ол Қазақстан Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағымен алғашқы рет бірлесе отырып жоба жасап отырғанын атап өтті.

«Азия медиа диалогы» біздің Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағымен (ABU) әзірлеп отырған алғашқы ірі жобамыз. Өздеріңіз білетіндей, бұл одақ коммерциялық емес ірі кәсіби қауымдастық және ол 69 елдегі 292 хабар тарату ұйымының басын біріктіріп отыр. Оның әлеуетті аудиториясы шамамен 3 млрд адамды құрайды», — деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің басшысы.

Сонымен қатар, брифинг барысында Дәурен Абаев қазақстандық телерадиохабар тарату ұйымдарының жетістіктеріне тоқталып өтті.

«Бүгінде қазақстандық телерадиоиндустрия да белсенді дамып келеді. Осылайша, Қазақстанда 200-ден астам телерадиоарна тіркелген, аналогты цифрлық-кабельдік хабар тарату желілері сәтті жұмыс жасауда, қазіргі уақытта министрлік цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр және өз контентін шетелде сату бойынша отандық телеарналар табысты шараларды іске асырды. Осы жылдың қыркүйек айында біз Astana Media Week шарасын өткізуді жоспарлап отырмыз», — деген сөзін түйіндеді министрліктің басшысы.

Сондай-ақ, «Қазмедиа» орталығының бас директоры Ләззат Жүнісова алдағы күндері Астанада өтетін «Азия Радиосы» фестивалінде қазақстандық әншілер өнер көрсететіні туралы мәлімдеді.

«10-12 шілде аралығында Астанада өтетін «Азия медиа диалогы» халықаралық жиынға әлемнің 37 елінен келген 100-ге жуық өкіл қатысады. Жиын аясында бірқатар маңызды іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Атап айтсақ, 10-11 шілдеде «Азия радиосы» халықаралық конференциясы болады. Мұндай конференция Қазақстанда алғаш рет өткізілгелі отыр. Шара барысында радиохабар таратудағы маңызды бағыттар талқыланады. 11 шілде Азия радиосының Халықаралық ән фестивалі өтеді. Фестивальге Үндістан, Вьетнам, Қытай, Түркия және тағы 10 мемлекеттен келген жас әншілер қатысады. Ал Қазақстаннан атынан Рүстем Жүгінісов пен Джордан Аракелян өнер көрсетеді», — деді Ләззат Жүнісова.

Медиаорталықтың бас директоры фестваль «Қазмедиа» орталығының киноконцерт залында өтетінін және сағат кешкі 19:00-де басталатын бұл шараға кіру тегін екенін атап өтті.

«12 шілде күні «MEDIA – 2020″ Халықаралық конференциясы өтеді деп белгіленіп отыр. Оның аясында Еуропа мен Азияның алдыңғы қатарлы медиабасшылары медиа саланы дамытудың өзекті мәслелерін талқылайды», — деді «Қазмедиа» орталығының басшысы.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!