23

Қазақстандық спортшылар биыл қандай әлем чемпионаттарына қатысады

ҚР ҰОК үстіміздегі жылы олимпиадалық спорт түрлерінен өтетін әлем чемпионаттарының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл қазақстандық спортшыларды жылдың ең маңызды додасы күтіп тұр. Ол — 18 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтетін Жазғы Азия ойындары. Құрлықтың кішігірім Олимпиадасында отандық спортшылар қарқынды дайындық жұмыстарын өткізіп жатыр. Ал спорттық күнтізбеде әлемдік деңгейдегі Кубоктік жарыстардан бөлек, бәсі жоғары әлем чемпионаттары да бар. Чемпиондық атаққа таласатын бәсекелер тізбегі де қазақстандық спортшылар үшін жылдың басты жарысы болып саналады.

Осы өтетін әлем чемпионаттарының күнтізбесі:

Семсерлесуден әлем чемпионаты

Өтетін орны: Уси, Қытай

Уақыты: 19-27 шілде

Семсерлесуден әлем чемпионатында 12 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Олардың ішінде 6 бағдарлама ерлерге, 6 бағдарлама әйелдерге тиесілі.

Волейболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты

Өтетін орны: Италияның 6, Болгарияның үш қаласы: Рим, Флоренция, Русе, Бари, Варна, Ассаго, Турин, София, Казалеккьо ди Рено.

Уақыты: 9-30 қыркүйек Әлем чемпионатына 24 команда қатысады. Өкінішке қарай, Қазақстанның ерлер құрамасы жолдамасыз қалды.

Волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты

Өтетін орны: Жапонияның 6 қаласы: Иокогама, Саппоро, Кобе, Хамамацу, Нагоя, Осака.

Уақыты: 30 қыркүйек — 21 қазан Волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына жалпы есебі 24 команда қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Біздің құрама жеребе бойынша D тобында өнер көрсетеді.

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты

Өтетін орны: Будапешт, Венгрия

Уақыты: 22-28 қазан Әлем чемпионатында еркін күрес, еркін стильдегі әйелдер күресі және грек-рим күресінен жалпы есебі 24 жүлде жиыны сарапқа салынады. Аталған сынға Қазақстан құрамасының балуандары да қатысады.

Дзюдодан әлем чемпионаты

Өтетін орны: Баку, Әзербайжан

Уақыты: 20-27 қыркүйек Дзюдодан әлем чемпионаты жыл сайын өтеді. Тек Олимпиада ойындары өтетін жылы ғана біріншілік өткізілмейді. Бакуде 16 жүлделер жиынтығы өз иесін таппақ.

Каратэден (WKF) әлем чемпионаты

Өтетін орны: Мадрид, Испания

Уақыты: 6-11 қараша Жақында ғана Олимпиада бағдарламасына енген каратэден әлем чемпионаты Мадридтегі 15 мың адам сиятын спорт кешенінде өтеді. Тап осы чемпионатта Токио Олимпиадасына жолдама таратылады.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты

Өтетін орны: Ашхабад, Түркменстан

Уақыты: 1-10 қараша Ашхабадта ерлер арасында 84-ші, әйелдер арасында 27-ші әлем біріншілігі өтеді. Аталған дода Токио Олимпиадасына жолдама беретін алғашқы жарыс болып саналады.

Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты

Өтетін орны: София, Болгария

Уақыты: 10-16 қыркүйек

Спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты

Өтетін орны: Доха, Катар

Уақыты: 12-28 қазан

Тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты

Өтетін орны: Инсбурк, Австрия

Уақыты: 12-30 қыркүйек




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!