orazaliev

Жамбыл облыстық ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облыстық ІІД-нің жаңа бастығы тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов жеке құрамға Жамбыл облысының ІІД-нің жаңа бастығын таныстырды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Арман Оразалиев тағайындалды.

tagayndau

Оразалиев ІІМ Алматы жоғары мектебін тәмамдаған. Бұрын ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. Берік Бисенқұлов жаңа тағайындалған облыстық полиция басшысына жемісті еңбек тіледі.

Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!