Қаскелең қаласындағы Елбасы оқыған орта мектеп 1999 жылы 30 тамызда тарихи-өлкетану музейі ашылған болатын. Музей ашылған алғашқы күндері онда 465 дана ғана экспонат болса, ал, қазір екі мыңға жуық құнды жәдігерлер бар.
Оның ішінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзі сыйлаған және Президенттің жеке қорынан, архиві мен кітапханасынан, Тұңғыш Президенттің музейінен алынған жәдігерлердің саны 233. Бұл үлкен байлық болып табылады. Түркістан облысының делегациясының қатарында Елбасының курстасы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Аманəлі Əбдіраманов, ОҚО Құрметті азаматы Алтынбек Төлепбеков, Созақ ауданының Құрметті азаматы Сексенбай Тұрысбеков, Шардара ауданының Құрметті азаматы Ілес Қыстауов, Сайрам аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Амангелді Қабылбековтермен бірге Ордабасы, Бəйдібек, Төлеби, Созақ аудандары мен Арыс, Түркістан, Кентау қалаларының мемлекеттік қызметшілері бар. Делегация жетекшісі Түркістан облыстық Қоғамдық Кеңестің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Дулат Əбіш.