img-20180705-wa0002

ТҮРКІСТАНДА ӘЙГІЛІ ТЕМУРИДТЕР МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Темуридтер тарихы мемлекеттік музейінің ұйымдастыруымен «Тимуридтер тарихы музейінің жауһарлары» тақырыбындағы фото-кітап көрмесінің салтанатты түрде ашылуы өтті.

img-20180705-wa0003

img-20180705-wa0018
Аталған көрме — Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында, сонымен қатар Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда.
«Темуридтер тарихы» Мемлекеттік музейі Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың бастамасымен 1996 жылы Әмір Темірдің 660 жылдығына орай құрылған.
1000-ға жуық жәдігерлері бар.

img-20180705-wa0002

img-20180705-wa0013
«Темуридтер тарихы» музейі қорында Өзбекстан тарихын көрсететін бірегей бұйымдар жинақталған. Олардың қатарында түрлі  қолжазбалар мен хаттар, алтын, күміс және мыс монеталар, керамикалық, қола және мыс бұйымдары, Әмір Темір және Темуридтер дәуірінен сыр шертетін жәдігерлер сақтаулы.
Көрменің мақсаты —  өңірлер арасындағы мəдени байланыстарды нығайту жəне музей ісін дəріптеу болып табылады.

img-20180705-wa0006
Көрменің арнайы ашылуында «Əзірет Сұлтан» қорық-музейінің директор орынбасары Серік Үркімбаев қос ел арасындағы құндылықтарды дәріптеуге арналған шараның маңыздылығына тоқтала келе, достық қарым-қатынастың одан əрі дамуына тілектестігін білдіріп, қонақтарға алғыс хат және  кəдесыйлар мен музейдің баспа өнімдерін табыстады.
Темуридтер тарихы мемлекеттік музейінің директоры Файзиев Хуршид мырза да музейдің тарихына тоқталып Түркістан жүртшылығына Өзбекстан мемлекетінің ыстық сәлемін жеткізді. «Əзірет Сұлтан» қорық-музейінің ұжымына да зор алғысын білдірді.

img-20180705-wa0012
Өзбекстандық қонақтармен бірге келген тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдумажид Мадраимов «Əзірет Сұлтан» қорық-музейі кітапханасына «Жемчужины Государственного музея истории Тимуридов» альбом-каталогын және «Адолат ва Қудрат Тимсоли» кітабын сыйға тартты.

img-20180705-wa0007
Тарихи танымдық көрме көпшілік назарына бір ай көлемінде жұмыс жасайтын болады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің баспасөз қызметі.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!