Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. «Шавкат Мирзиёев Қазақстан Рсепубликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 2018 жылдың 5-6 шілдесінде Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады», — делінген хабарламада. Сондай-ақ, екіжақты кездесулер өткізу де жоспарланған.
inform.kz