9999999111

«Ел жүрегі –Астана. Жаңа мегаполис Шымкент»

19-маусымнан бастап Шымкент жаңа өмірге қадам басты. Халқының саны миллионға жеткен қалаға бақ құсы қонып, еліміздің мегаполисіне айналды. Республикалық мәртебеге қол жеткізгеннен кейін әкімдік қызметкерлері Астана, Алматымен бірдей жалақы иемденуі қажет. Осылай деп мәлімдеме жасаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қарапайым жұмысшылардың табысын көбейтіп, Шымкентті гүлдендірмек ниетте. Бұл туралы Астанының 20 жылдығына орайластырылған мерекелік жиында айтты.

00000

Шымкент қаласы әкімдігінің қызметкерлері, депутаттар мен ардагерлер көтеріңкі көңіл-күймен жиналып жатыр. Бір-бірінің қолдарын қысып, мерекемен құттықтауда. «Ел жүрегі –Астана. Жаңа мегаполис Шымкент» атты салтанатты  шара мемлекеттік байраққа құрмет көрсетуден басталды. Әнұран орындалып, жүрегі туған ел деп соққандар тік тұрып шырқады. Мерекелік жиын өзгеше форматта өтті. Мұнда тек марапат пен құттықтау ғана емес, Шымкенттің жаңа келбеті бойынша жасалатын таңсық жобаларды естідік. Ғабидолла Рахматоллаұлы көңілді семіртіп, адамды елітетін жұмыстар алдағы уақыттың еншісінде деп қарапайым сөзбен асқақ армандар алда деп идеямен бөлісті.

20 жылда әлемдегі озық қалалардың қатарына кірген Астана мен Алматының әсемдігі енді Шымкентке бұйырмақ. Мегаполистермен тәжірибе алмасуды әкімдік қызметкерлері осы айдан бастайды. Басқа қонған бақты бағалауға шақырған қала әкімі жиналғандарға позитивті көңіл-күй сыйлады. Елорда күні Тәуелсіздігімізді танытатын мерекеге айналған. Сондықтан жиында 15 азамат «Астанаға — 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрлан Архабаев, қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров,  Елбасының курстасы Аманәлі Әбдіраманов, қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бейсенбек Жанбосынов, ақын Ханбибі Есенқарақызы сондай-ақ ұстаздар, еңбек ардагерлері мерекелік медальді кеуделеріне тақты.

999999

05

04

03

06

Дәл осы мерекелік жиында Әбдірахымов мегаполистегі тағайындауға тоқталды. Қала әкімінің бес бірдей орынбасары және аппарат басшысының жүздерімен таныстырды.

07

13

Мерекелік жиын ұлттық домбыраның үніне ұласты. Ұлтымыздың ең асыл күйі шертілгенде құдыреті тербетті. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары да әсем әуен шырқап, рухани азық сыйлаған жиын болды. Бас қаламыз Астананың 20 жылдығы құтты болып, өңіріміз дамып, қаламыз көркейсін!

Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!