011

«Айғақ»: Түркістан облысында Елбасының үндеуінің бесінші бастамасы ойдағыдай орындалуда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің Бесінші бастамасында «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» міндеттелген болатын.

Елбасы Үндеуінің бесінші бастамасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысында тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда:

Облыс тұрғындарын және аймақ экономикасының барлық секторларын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында республикалық, облыстық  бюджеттерден 29,3 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлінді.

2017 жылы бөлінген 13,4 млрд.теңгеге Шымкент (5), Түркестан (1), Кентау (1) қалаларында және Сарыағаш (29), Мақтарал (15), Төле би (13), Бейдібек (8), Қазығұрт (6),Сайрам (5), Ордабасы (3), Шардара (2), Отырар (1) аудандарында 89 нысанның (Анықтама: 69 елді мекен; 4 мөлтек аудан; 5 АГТС; 9 жеткізгіш құбырлар; 10 елді мекендердің көшелері) газдандыру құрылысының жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге жуық артқан.

Соның ішінде, жылдың қорытындысымен 59 нысанның (Анықтама: 44 елді мекен; 2 мөлтек аудан; 3 АГТС; 5 жеткізгіш құбырлар; 10 елді мекендердің көшелері) құрылыс жұмыстары аяқталып тапсырылды.

Нәтижесінде 344 елді мекен (40,8%) немесе 1 819 681 халық (64,0%) табиғи газбен қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіш өткен 2016 жылмен салыстырғанда 17% -ға өсіп отыр.

Одан бөлек,облыстың экономикасының барлық секторларын табиғи газбен 2050 жылдарға дейін қамтамасыз етуді стратегиялық шешу мақсатында 15 автоматтандырылған газ тарату станцияларының (АГТС) құрылыстары жоспарланды.

Оның ішінде 01.01.2018 жылға 7 АГТС (Түркістан, Иқан, Сайрам, Бәйдібек, Кентау, Ордабасы, және Отырар) тапсырылды. Шардара мен Қазығұрт аудандарында АГТС құрылыстарының аяқталуы 2018 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, 6 АГТС-дің (Шымкент-1, Мақтаарал-3, Сарыағаш-2) және 121 елді мекендерді газдандырудың жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

2018 жылы табиғи газбен қаматамасыз ету құрылысына облыстық бюджеттен 15,9 млрд. теңге қарастырылды. Нәтижесінде, 386 (45,7%) елді мекен 1 879, 9 млн. (66,1 %) халық табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Дайындаған: Айдар Дидар

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!