Халық қалаулылары қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың талап-тілектерін, мұң-мүқтажын тыңдап, тиісті мекеме басшыларына депутатттық сауал жолдайды. Бір сөзбен айтқанда, халық пен биліктің арасындағы алтын көпірді нығайтуға үлестері зор. Осы үрдістің кезекті отырысында жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық талап-тіліктерін дер кезінде және әділ шешу үшін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш жеке қабылдауын өткізді.
Халық қалаулысының қабылдауына алты азамат жазылған. Тыңдалған өтініштерді бақылауға алып, оңтайлы шешілуіне ықпал жасаймын деген, Дулат Назарбекұлы барлық өтініш-тілектерге ҚР заңдылықтарына сәйкес жауап берді. Тіпті, кейбір азаматтардың арқалай келген мәселесін, халық қалаулысы, қабылдау аяқталмай ақ, тиісті аудан басшыларына шұғыл хабарласа отырып, тап сол орында шешіп берді.
Жалпы, айта кетерлігі өңір азаматтарының өтініштері мен арыздары жергілікті мәслихат депуттарының назарынан тыс қалмақ емес.
Гүлжан НҰРЛАНҚЫЗЫ.